Қазақстандық боксшы пышақпен қауіпті челлендж бастады (видео)

0
1 102

Кәсіби боксшы желідегі парақшасында бейнежазба жариялаған.


Қазақстандық боксшы пышақпен қауіпті челлендж бастады (видео)

ERNUR.KZ. Боксшы Садриддин Ахмедов пышақпен қауіпті челлендж бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жақын арада ғана отбасын құрған кәсіби боксшы желідегі парақшасында бейнежазба жариялаған. Алманы әуеге лақтырып, пышқаты ұстап тұрып, жемісті кесіп тастаған ол бұл челленджді ағаларына, достарына жолдаған. Олардың қатарында Қуандық Рақым, Бағлан Әбдірайымов сынды бірқатар өнер иелері бар.

"Ал батыр ағаларым, достарым, мықты болсаңыздар, қайталаңыздар", - дейді Садриддин Ахметов.

Мұны көрген желідегі жұрт спортшының бұл әрекетіне таңқалып, пікірлерін ортаға салған. Олар спортшының әрекетін ерсі деп біліп, күлкіге айналдырды.


"Боқтан өзгеге құмарсыңдар. Пайдалы іс жасап неге жарыспасқа", "Алманы ысырап қылмасайшы, баурым. Соны да тойып жей алмай жүргендер бар ғой, шетелден көргенді неге қайталай бересіндер", "Осыны кесу үшін қанша рет қайталадың", "Үстіне тұз сеуіп жіберуің керек еді", "Мұнда мықтылық емес, ептілік керек қой", - деп пікір білдірді жұрт.