60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын үшін белдесуге шығып, ресейлік спортшы Ачыта Домбууны жеңді.
Фото: ҚР ҰОК
ERNUR.KZ. Душанбеде дзюдодан Grand Slam сериясындағы турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін еншіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазақстандық дзюдошы Нұрадил Алжан Grand Slam сериясындағы турнирде қола жүлдеге ие болды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын үшін белдесуге шығып, ресейлік спортшы Ачыта Домбууны жеңді.
Бұл жүлде аталған турнирдегі Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.


