Қазақстандық ескек есушілер Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

0
143

Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков екі алтыннан еншіледі.


Қазақстандық ескек есушілер Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz.

ERNUR.KZ. Жапонияның Киото қаласында ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт медальмен қорытындылады.

Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ал Полат Төребеков каноэмен ескек есуден дәл осы қашықтықта топ жарды.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар 3400 метрлік жарыста да жеңіске жеткен. Кирилл Тубаев байдаркамен есуден, ал Полат Төребеков каноэмен есуден алтын медаль иеленген.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды.