Гимнаст қыз үш финалға да бірінші орынмен өткен болатын.
instagram/kazteam_official
ERNUR.KZ. Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңінде қазақстандық Ақмарал Ерекешева жеңімпаз атанды, деп жазады tengrinews.kz.
Айта кетейік, гимнаст қыз үш финалға да бірінші орынмен өткен болатын. Ол қатысқан барлық финалда жүлдеге ілікті.
"Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті", - делінген хабарламада.
Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды.
Еске салайық, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.