Қазақстандық ММА шеберлері қатарынан 11-рет Азия чемпионатында топ жарды

0
123

IMMAF-2025 Азия біріншілігіне құрлықтың 20 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысты.


Қазақстандық ММА шеберлері қатарынан 11-рет Азия чемпионатында топ жарды

Фото: UFC

ERNUR.KZ. Джуния (Лива) қаласында ММА бойынша үш жас санаты бойынша Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақстандық жауынгерлер жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте қатарынан 11-рет бірінші Азия чемпионы атанды, деп жазады stan.kz.

IMMAF-2025 Азия біріншілігіне құрлықтың 20 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан намысын ресми түрде аккредиттелген Біріккен Қазақстан ММА федерациясының спортшылары қорғады. Ливан төріндегі додаға 37 отандасымыз қатысып, оның 31-і жүлделі болды.

14–15 жас аралығындағы жасөспірімдер:
• 52 келі – Ілияс Бақытжан
• 57 келі – Берік Айдын
• 62 келі – Темен Жанділда
Барлығы да чемпион атанды.

16–17 жас аралығындағы жасөспірімдер:
• 52,2 келі – Мия Горадзе
• 61,2 келі – Руслан Қайыржанов
• 74,8 келі – Руслан Мамедов
Сонымен қатар, Карим Нурусов – күміс, Еркебұлан Исламғали мен Егор Ященко – қола жүлде еншіледі.

18–20 жас аралығындағы жастар:

Алтын медаль иеленгендер:
• 52,2 келі – Аида Абылаева
• 56,7 келі – Камилла Ким
• 56,7 келі – Егор Желтов
• 70,3 келі – Әлішер Ақбақытов
• 74,8 келі – Эмирхан Ораз
• +97 келі – Дінмұхаммед Қуанғалиев

Жастар құрамасының қоржынында бұдан бөлек 2 қола медаль бар.

Ересектер арасындағы жеңімпаздар:
• 52,2 келі – Матильда Бачурина
• 61,2 келі – Адэль Махаметова
• 74,8 келі – Мөлдір Әшірбекова
• 52,2 келі – Димаш Жақсылық
• 70,3 келі – Самғат Шабдан
• 83,9 келі – Диас Өсер

Ересектер құрамасы бұдан өзге 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте:
• Жасөспірімдер құрама командасы – 3-орын
• Жастар және ересектер құрамасы – 1-орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қатарынан 11-рет топ жарып отыр.

Ливандағы бәсекеде Егор Желтов (Қарағанды облысы) пен Адэль Махаметова (Алматы облысы) үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ал Матильда Бачурина (Ақмола облысы) мен Самғат Шабдан (БҚО) екінші рет Азия біріншілігінің алтын медалін қанжығамына байлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ММА-ден Қазақстан құрамасы Грузияда өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленген еді.