Қазақстандық Олимпиада жүлдегері жаттығу кезінде ауыр жарақат алып қалды

0
81

Спортшыға тіпті ашық ота да жасалған.


Қазақстандық Олимпиада жүлдегері жаттығу кезінде ауыр жарақат алып қалды

Фото: informburo.kz

ERNUR.KZ. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлетші Карина Горичева әлем чемпионатына дайындық барысында жедел ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы спортшының 23 тамыз күні таңғы жаттығу кезінде жарақат алғанын мәлімдеді. Дәрігерлер ауыр атлетшіні №1 қалалық клиникалық ауруханаға апарған.

– Дәрігерлер спортшының сіңірі үзілгенін анықтады. Оған ашық ота жасалып, сіңірі жалғанды, – деді басқарманың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Карина Горичеваның жағдайы қалыпты. Спортшы ақ халаттыларға ризашылығын білдіріп, отадан кейінгі жағдайымен бөліскен.

Мамандар ахилл сіңірі адам ағзасындағы ең ірі сіңір екенін және мұндай жайттың спортшылар арасында жиі кездесетінін айтты.

Карина Горичева 1993 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атағы бар. Ең үлкен жетістігінің бірі – Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленуі.