Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

0
176

Аталмыш дода шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен өтті.


Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ERNUR.KZ. Тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

"Жарыс қорытындысы бойынша классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов және Әлімжан Аяпов қола медаль иеленді. Блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдеге иеленді. Ал рапид бойынша Аяулым Қамбарова мен Әлімжан Аяпов екінші орын алды", – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт бөлімінің басшысы Әділбек Әділжан.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 21-30 шілде аралығында Үндістанның Гоа қаласында өтіп, оған 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.