​Қазақстандық параволейболшылар алғаш рет Азия чемпионы атанды

0
236

Қазақстандықтар финалда Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды.


​Қазақстандық параволейболшылар алғаш рет Азия чемпионы атанды

Фото: Бауыржан Тахауовтан

ERNUR.KZ. Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз болды, деп жазады inform.kz.

Қазақстандықтар финалда Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды.

Алғашқы екі партияда алаң иелері 25:15, 25:19 есебімен басым түсті.
Үшіншісінде қазақстандықтар 25:19 есебімен есе қайырды.
Төртінші сетте алдымен қытайлықтар 10:5 есебімен алға кетті. Дегенмен Бауыржан Тахауовтың шәкірттері таразы басын теңестіріп, кейін өз пайдасына жазды – 25:20.
Шешуші, бесінші партияда қазақстандықтарды қытайлықтар тоқтата алмады – 15:8. Қорытынды есеп – 3:2.
Осылайша, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы камбэк жасап, алғаш рет өз тарихында Азия чемпионы атанды.
- Өз шәкірттеріме ризамын. Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсете білді, - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов.
Өткен жылы Париж Паралимпиадасына қатысып, бесінші орынға табан тіреген қазақстандық параволейболшылар биын осындай тарихи табысқа жетіп отыр.