Қазақстандық семсерлесуші әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

0
470


Қазақстандық семсерлесуші әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп жазады Zakon.kz.


Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.