Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

0
652

Нариман Құрбанов – Азия чемпионы, Милад Карими – күміс жүлдегер атанды.


Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль алды, деп жазады sputnik.kz.

Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариманға тең келер ешкім болмаған. Одан бөлек, қазақстандық атлет Дохада 2022 жылы күміс медальге қол жеткізген.
Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Әзімов (14 633 балл) иеленді. Қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудке (14.633) бұйырды. Қазақстандық Милад Карими бұл жарыстпа 13.366 ұпаймен 7-орыннан көрінді.
Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медаль (14.600 балл) жеңіп алды. Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанини 5-ші орынға табан тіреді. Алтын Филиппин өкілі Карлос Юлоның еншісінде (14,933 ұпай). Үздік үштікті қытайлық гимнаст Янжи Янг (14.200) түйіндеді.
Ертең кермедегі жаттығудың финалында Милад Карими жүлдеге таласады.