Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп кесіп өтті

0
674

56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті.


Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп кесіп өтті

ERNUR.KZ. Токио-2020 Олимпиада ойындарының ашық суда жүзуден лицензиясының иегері қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ең бірінші болып Ыстықкөлді жүзіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Виталий Худяков Ыстықкөлді Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағажайына дейінгі аралықта жүзіп өтті. 56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті. Бұған дейін ешкім бұлай жүзіп өтпеген болатын. Спортшы 5 тамыз күні таңғы сағат 5-15-те жүзуді бастап, 18-30-да жүзіп өткен еді», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.


Виталий Худяков – ашық суда жүзуден Азияның төрт дүркін чемпионы, Жағажайдағы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарында үздіктер «ондығынан» орын алған. Виталийдің жаттықтырушылары – Евгений Худяков пен Бекен Тасбаев.