Қазақстандық теннисші Өзбекстанда өткен турнирде алтын иеленді

0
105

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын иеленді.


Қазақстандық теннисші Өзбекстанда өткен турнирде алтын иеленді

Фото:Oympic

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Ташкентте өткен беделді WTT Youth Contender сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды деп жазады baq.kz

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында өнер көрсетіп, сенімді түрде алтын медаль ұтты.

Турнир барысында Жания алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Ясмина Назаровамен кездесіп, 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен басым түсті.

Айта кетейік, өз жас санатындағы әлемдік рейтингте Бекмұхамбетова жетінші орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.