Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" турниріне іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалды

0
414

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде финалдық матчқа жолдама алып, қарсыластарына есе жіберіп қойды.


Қазақстандық теннисшілер

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисшілер Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шығып, жеңіліп қалды, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде финалдық матчқа жолдама алып, қарсыластарына есе жіберіп қойды. Кукушкин финалда Хьюго Гастонмен кездесіп, ұтылып қалса, Евсеев бельгиялық Зизу Бергстен айласын асыра алмады. Ал Бейбіт француз Кентен Галидан айласын асыра алмай, жеңіліс тапты. Осылайша отандастарымыз "Уимблдон" турнирінің негізгі айналымында өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко, жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов "Уимблдон" турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.