Бұған дейін көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таэквондошы Дамир Шүленов те Универсиадада қола медаль жеңіп алған болатын.
Фото: FISU
ERNUR.KZ. Германияда өтіп жатқан XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиада аясында қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы екі қола медаль салды, деп жазады stan.kz.
Таэквондошы Нодира Ахмедова 20 шілде күні өткен жекпе-жегінде Қытай елінің өкілімен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Жартылай финал сатысынан аса алмаған спортшы жарысты үшінші орынмен аяқтап, Қазақстанға қола медаль сыйлады.
Сол күні тағы бір таэквондо шебері Тілеулес Темірлан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол украиналық қарсыласымен болған кездесуде ұтылып қалды. Алайда Темірлан жарысты үздік үштікпен қорытындылап, құраманың медаль санын арттырды.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таэквондошы Дамир Шүленов те Универсиадада қола медаль жеңіп алған болатын.