Қазақстанның ең үздік теннисшісі Париж олимпиадасының лицензиясын иеленді

0
305

Герасименко өз мансабында үшінші рет олимпиада ойындарына қатысқалы жатыр.


Қазақстанның ең үздік теннисшісі Париж олимпиадасының лицензиясын иеленді

ERNUR.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды, деп жазады stan.kz.

Кирилл Герасименко Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті олимпиада ойындарының жолдамасын салды. Ол іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша олимпиадаға жолдама иеленді. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде Кирилл құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.

Айта кетейік, Герасименко өз мансабында үшінші рет олимпиада ойындарына қатысқалы жатыр. Ол бұған дейін Рио мен Токио олимпиадасының қатысушысы болған.