Франциялықтар сүрінгеніне қарамастан 22 ұпаймен B тобында бірінші орында, ал грекиялықтар 13 баллмен тек үшінші.
ERNUR.KZ. Еуро-2024 іріктеуі аясында Франция мен Грекия құрамалары арасындағы матч өтті, деп жазады vesti.kz.
Дидье Дешам жаттықтыратын команда Афиныда өткен мачте Грекиямен тең түсті - 2:2. Алаң иелерінен Тасос Бакасетас (56-минут) және Фотис Яннидис (62) гол салды. Ал қонақтардан Рандаль Коло-Муани (42) және Юссуф Фофана (74) көзге түсті.
Франциялықтар сүрінгеніне қарамастан 22 ұпаймен B тобында бірінші орында, ал грекиялықтар 13 баллмен тек үшінші.
Енді, 21 наурызда Грекия өз алаңында Қазақстан құрамасымен ойнайды. Бұл матч Ұлттар лигасы аясында өтеді.