Боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген.
ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.
Мәлімет бойынша, боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген. Ал жекпе-жектің өзі 2021 жылға белгіленіп отыр.
Сондай-ақ трилогия үшін «Канело» 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион доллар алатыны белгілі болды.
Оған дейін боксшылар бір-бір жекпе-жектен өткізеді. Осылайша, Головкин қазан немесе қарашада польшалық Камил Шереметамен, ал «Канело» 12 қыркүйекте британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады.