Халықаралық гольф федерациясы 2020 жылғы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді

0
729

Аталған турнир қазан айында Сингапурде өтуі тиіс болатын.


Халықаралық гольф федерациясы 2020 жылғы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Халықаралық гольф федерациясы (IGF) 2020 жылы әуесқой командалар арасында өтетін әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жылдың басты додасының тоқтатылуына COVID-19 пандемиясы себеп болған. Аталған турнир қазан айында Сингапурде өтуі тиіс болатын.

Сингапур Гольф Ассоциациясымен (SGA) IGF бірлесе отырып , IGF белгіленген мерзімде ерлер мен әйелдер арасындағы жарысты қала сыртында орналасқан "Танах Мера" мен "Сентоза" өткізуді жоспарлады.

Әйелдер арасындағы бәсеке "Эспиринто Санто" 14-17 қазан аралығында, ал ерлер арасындағы Эйзенхауэр 21-24 қазанда өткізілуі керек еді. Алайда IGF атқарушы директоры Энтони Сканлон аталған додалардың өткізілуі мүмкін емес екенін айтты.