​Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Ұлыбританиямен кездеседі

0
235

Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті.


​Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Ұлыбританиямен кездеседі

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

ERNUR.KZ. Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы бесінші ойынын Ұлыбританияға қарсы өткізеді, деп жазады inform.kz.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-ға белгіленген.

Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтіп жатқан турнирде Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның 3-уі қазақстандық хоккейшілердің басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласының мерейі үстем болды.
Алғашқы үш турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңілсе, Испанияны 3:2, Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен қапы қалдырды.
Ал Ұлыбритания қазірге дейін Нидерландты 1:0, Испания мен Оңтүстік Кореяны 3:2 есебімен жеңсе, Латвияға 3:4 есебімен есе жіберді.
Қазақстан әйелдер құрамасы
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);
Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен үшінші орында тұрса, 8 ұпай жинаған Ұлыбритания екінші орынға табан тіреді.