Георгий Верещагин баптайтын қазақстандықтар В тобында Чехия құрамасын 4:3 есебімен ұтып, сенсация жасады.
ERNUR.KZ. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден 18 жасқа дейінгілер арасында Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жеңісіне қол жеткізді, деп жазады inform.kz.
Георгий Верещагин баптайтын қазақстандықтар В тобында Чехия құрамасын 4:3 есебімен ұтып, сенсация жасады.
Жеңіс голын овертаймда Мстислав Шипилин соқты.
Бұл – Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаттарындағы бірінші жеңісі. Осыған дейін 2003 жылы Ресейдің Ярославль қаласында өткен біріншілікке қатысқан қазақстандықтар онда барлық матчында қарсыластарына есе жіберген еді.
Қазіргі кезде В тобында Канада 3 матчтан кейін 9 ұпаймен алда тұр. Чехияда – 6, Швецияда – 4, Швейцарияда – 3, Қазақстанда 2 ұпай бар.
Қазақстандықтар соңғы кездесуін 30 сәуір күні Канадамен өткізеді.
Бұл матчта жеңіліп қалған жағдайда Қазақстан құрамасы А тобында соңғы орын алған командамен кездеседі. Оны ұтса, элитада қалады.