Бірден бес ойыншы жазаланды.
ERNUR.KZ. Хоккейден Қазақстанның тұрақты чемпионатының қызылжарлық "Құлагер" мен "Теміртау" арасындағы матчте ойыншылар жаппай төбелесті, деп жазады vesti.kz.
Төбелес Петропавлда өткен ойынның соңғы минуттарында болды. Осылайша, төбелес үшін Владимир Репин, Родион Жарких, Денис Чапоров, Константин Пальмтаг пен Данияр Хасеновке айыппұл салынды.
Ойынның өзі "Құлагер" жеңісімен аяқталды - 4:0.