Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

0
911

Футболшының трансферлік құны 180 миллион еуроға бағаланып отыр.


Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

ERNUR.KZ. Франциялық аяқдоп шебері Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық «Реал Мадрид» командасының ойыншысы атанды. Бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионында футболшыны салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аталған шараны тамашалауға 80 мыңнан астам жанкүйер мүмкіндік алды.

25 жастағы ойыншы Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында өнер көрсеткен. 2024 жылдың мамыр айында ол командадан кететінінін ресми түрде мәлімдеді.

Салтанатты шара кезінде Мбаппе арманындағы клубтың бір мүшесі болғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мен бақыттымын. Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Өмірімді осы клубқа арнаймын. Hala Madrid!», - деді Килиан.

Жаңа командада 9 нөмірмен өнер көрсететін Килиан Мбаппе клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.