Канадалық хоккейші енді мәскеулік ЦСКА-ның намысын қорғайды.
ERNUR.KZ. «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан командасының ойыншысы Даррен Диц мәскеулік клубқа ауысты, деп жазады 24.kz.
Канадалық хоккейші енді мәскеулік ЦСКА-ның намысын қорғайды. Мәскеуліктер қазақстандық клубқа қосымша қаржы төлейтіні де анықталды. Даррен Диц «Барыс» сапында бес маусым бойы ойнады.
Диц жалпы ҚХЛ-дағы 269 кездесуде 174 (67+107) ұпай жинаған.