Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

0
277

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады.


Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

Фото: Сали Сабиров

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz.

Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.

Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.