Теннис турнирі Қытайдың Дунгуан қаласында 4-8 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған
ERNUR.KZ. Халықаралық теннис федерациясы 26 қаңтар күні Қытайда коронавирустың жаппай таралуына байланысты жарысты Қазақстанда өткізуді шешті, деп жазады Stan.kz.
Теннистан болатын сайыс Қытайдан Қазақстанға көшірілді. Теннис турнирі Қытайдың Дунгуан қаласында 4-8 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған, алайда індетке байланысты жарыс дәл сол күндері Нұр-Сұлтанға ауыстырылды.
"Іс-шараны ауыстыру туралы шешім Қытайдағы қалалардың жабылуына қатысты шығарылды. Бұған қоса қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың пікірі ескерілді", - деп жазылған теннис федерациясының хабарламасында.
Теннистан өтетін сайыста Қытайдан, Тайвань, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея және Өзбекстаннан келген ойыншылар бақ сынасады.