Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы легионерсіз ойнайды

0
137


Қызылордалық

Фото: instagram.com/fckaysar_official

Алдағы 2024-2025 жылғы футбол маусымында қызылордалық команда Қазақстан премьер лигасында легионерсіз ойнайды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді. Клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Жаңа маусымда қызылордалық басшылық легионерлерді команда қатарына алмайды. Құрама 100 пайыз отандық футболшылардан құралмақ.

Жақында ғана "Қайсар" футбол клубына жаңа басшы болып Талғат Әбдіғаппарұлы тағындалған еді.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев клубқа легионерлерді сатып алуға қаржы бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық берілетінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда клуб ел чемпионатында 8-орынды иеленді. Қазір "Қайсар" футбол клубы Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.