Лицензиялық турнир: 17 жасар Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды

0
703

Төлеуғали В тобында сынға түседі.


Лицензиялық турнир: 17 жасар Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды

ERNUR.KZ. 15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын 17 жасар отандасымыз Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады inform.kz.

Төлеуғали В тобында сынға түседі. Оның қарсыласы 23 жастағы үндістандық спортшы Акшай Худа болмақ.

В тобы, ширек финал:

Батырхан Төлеуғали - Акшай Худа (Үндістан, 23 жаста).

Осанандо Наувал (Индонезия) - Әли Мабрук әл-Мабрук (Сауд Арабиясы).

А тобында 5 таеквондошы күш сынасып, бір лицензияны сарапқа салады.

Бір қызығы, Акшай Худа 2017 жылы Атырау қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге (+78 кг) ие болған. Бұған дейін қазақстандық спортшымен кездеспеген.

Айта кетейік, ертең Қытайдың Тайань қаласында Олимпиадаға лицензия берілетін Азия құрлығының соңғы іріктеу турнирі басталады.

Алғашқы жарыс күні ерлер 68 кг, 80 кг, ал әйелдер 49 кг, 67 кг дейінгі салмақта жолдамаға таласады. Ұлттық құрама сапынан ертең тек Батырхан Төлеуғали даянгқа шығады. Ертесіне Мария Севостьянова (57 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Жансель Дениз (+67 кг) өнер көрсетеді.