Әшкеевтің қарсыласы америкалық Сесил Маккалла болған.
ERNUR.KZ. Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0-0 (6 KO's ) бірінші орта салмақта WBC белбеулерінің жүйесіне енетін NABF Junior чемпионы титулын иеленді, деп жазады tengrinews.kz.
Әшкеевтің қарсыласы америкалық Сесил Маккалла болған. Жекпе-жек АҚШ-тың Тусон қаласындағы (Аризона штаты) бокс кешінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл - Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
"Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді.