Марапаттау рәсімінде гимн тоқтап қалған: Қазақстандық боксшылар әнұранды жанды дауыста айтты

0
249

Бұл оқиға аса ауыр салмақты команда капитаны Айбек Оралбайдың марапаттау рәсімінде орын алды.


Марапаттау рәсімінде гимн тоқтап қалған: Қазақстандық боксшылар әнұранды жанды дауыста айтты

Фото:ҚБФ

ERNUR.KZ. Испанияда өткен Boxam 2026 жылғы халықаралық бокс турнирінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде Қазақстанның әнұраны бірінші қайырмасынан кейін тоқтап қалған, деп жазады stan.kz.

Алайда спортшылармен жанкүйерлер жанды дауыста өздері соңына дейін шырқап шықты.

Бұл оқиға аса ауыр салмақты команда капитаны Айбек Оралбайдың марапаттау рәсімінде орын алды.

Дәл осыған ұқсас жағдай бірнеше күн бұрын тарихи нәтижеге қол жеткізген қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбановтың басынан өтті.

Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан додада жерлесімізді марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар еліміздің ескі гимнін қосып жіберген.

Дегенмен құрама мүшелері қазіргі әнұранды жанды дауыста айтып шығып, көпшілікті таңғалдырды.

Айта кетейік, Испанияда өткен халықаралық турнирде жалпы қазақстандық боксшылар барлығы 17 медаль иеленді.

Ал ақтық сынға 11 боксшымыз жолдама алып, 6 спортшы алтыннан алқа тақты.

Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Умида Садықова (80 келіден жоғары) чемпион атанса, Нұрзат Оңғаров (50 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Назерке Серік (65 келі) пен Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.

Осылайша ұлттық құрама жалпы командалық есепте көшбастады.