Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Астанадағы турнирде қарсылас шақ келтірер емес.
ERNUR.KZ. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде рингке алғашқы болып Назым Қызайбай шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Ол ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фарзона Фозилованы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жекпе-жек бастала салысымен Назым қарсыласын қыспаққа алып, үш раунд бойы толық басымдық көрсетті.
Айта кетейік, Назыммен қатар бүгін сегіз қазақстандық былғары қолғап шебері рингке шығады.
Астанада өтіп жатқан әлем кубогында 30 мемлекеттен 300-ден астам боксшы сынға түсуде.