Кездесудің 83-минутында "Корона" 3:0 есебімен алда келе жатқан.
ERNUR.KZ. "Ақтөбе" футболшылары Түркияда өткен жолдастық матч кезінде қарсылас болған польшалық "Корона" ойыншыларымен төбелесті, деп жазады Vesti.kz.
Кездесудің 83-минутында "Корона" 3:0 есебімен алда келе жатқан. Қазақстандықтардың шабуылы кезінде франциялық легионер Уго Видемонды итеріп жіберді, осыдан кейін өзге де футболшылар шекісіп қалды.
Жанжал жылдам тоқтатылды, алайда, польшалық команданың қосалқы ойыншылары отыратын жерде қайта басталды. Осылайша, төреші ойынды ертерек аяқтауына мәжбүр болды. Есеп өзгерген жоқ.