ERNUR.KZ. Ақпанның 9-ы мен 11-і аралығында Испанияның Гвадалахара қаласында спорттың каратэ-до түрінің А сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде Қазақстан қоржыны жалғыз ғана күміс медальмен толықты. Бұл жүлдені шымкенттік спортшы Данияр Юлдашев алды.

Спортшының жеке бапкері әрі каратэ-до спорты бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық құраманың аға бапкері Шаттық Қажымұқановтың айтуынша, спортшы үшін күміс жүлде әлем рейтингіндегі көрсеткішіне оң әсерін тигізуі керек. Бұл жүлделі екінші орынға дейін Данияр Юлдашев әлем спортшылары арасында он тоғызыншы орыннан көрінген болатын.
"Бұл турнирге Данияр Юлдашев 84 келі салмақ дәрежесіне дейінгі сында өнер көрсетті. Жарыс барысында ол жеті рет кездесу өткізді. Финалда украиндық спортшымен шықты. Жалпы додаға біздің облыстың атынан жеті спортшы қатысты. Өкініштісі, тек олардың біреуі ғана күміс жүлдеге ие болды",-деді аға бапкер Қажымұқанов.
Айта кетерлігі, халықаралық турнирге әлемнің жүзге жуық елінен келген 115 спортшы бақ сынаған.