Ольга Рыпакова бұған дейін бір жыл бойы федерация президенті қызметін атқарған болатын.
Сурет: olympic.kz
Лондон Олимпиадасының чемпионы, еліміздің даңқты спортшысы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының құрметті президенті болып сайланды.
Ол Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының мүшесі ретінде халықаралық ұйымдармен байланыс орнату, шетелдік мамандармен әріптестік аясында тығыз жұмыс істеу сияқты мазмұнды әрі маңызды қызметтің көптігіне байланысты Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті лауазымынан Құрметті президент лауазымына ауысты.
Ольга Рыпакова бұған дейін бір жыл бойы федерация президенті қызметін атқарған болатын.
Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.
Айта кетейік, жеңіл атлетика – еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл спорт түрімен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.


