Өзбек нокаутшымен жұдырықтасу керек болған Сергей Ковалев екінші рет допинг тесттен өте алмады

0
2 477

Бастапқыда Меликузиевпен жекпе-жек Мәскеуде өтеді деп жоспарланған еді, одан кейін АҚШ-қа ауыстырылды.


Өзбек нокаутшымен жұдырықтасу керек болған Сергей Ковалев екінші рет допинг тесттен өте алмады

ERNUR.KZ. Жартылай ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) синтетикалық тестестеронға екінші тесттен өтпей қалды, деп жазады vesti.kz.

Бұл жолғы сараптама материалы спортшы бірінші тесттен өтпей қалған уақыттан сегіз күн өте алынды. "Крашер" 30 қаңтар Американың Индио қаласына жоспарланған бокс кешіде өзбекстандық Бектемир Меликузиевпен (6-0, 5 КО) жұдырықтасу керек болатын. Алайда ресейлік боксшы бірінші тесттен өтпей қалған кезде-ақ бұл айқас белгісіз уақытқа шегерілді.

Бастапқыда Меликузиевпен жекпе-жек Мәскеуде өтеді деп жоспарланған еді, одан кейін АҚШ-қа ауыстырылды. Енді бұл кездесу мүлде өтпейтін сияқты.

Еске салайық, Ковалев 2019 жылы қарашада 11-ші раундта мексикалық Сауль "Канело" Альварестен нокаутпен жеңілгеннен кейін рингке шыққан жоқ.