​ПСЖ 2025 жылғы құрлықаралық кубоктың иегері атанды

0
77

Кездесудің 9-минутында Фабиан Руис командасын есепте алға шығарған.


​ПСЖ 2025 жылғы құрлықаралық кубоктың иегері атанды

Фото: Main football

ERNUR.KZ. Франциялық ПСЖ командасы 2025 жылғы құрлықаралық кубок үшін өткен ойында бразилиялық «Фламенго» командасын пенальти сериясында жеңді, деп жазады inform.kz.

Негізгі уақытта қос клубтың ойыншылары 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің 9-минутында Фабиан Руис командасын есепте алға шығарған. Алайда бұл гол есепке алынбады. Бәрібір ойынның алғашқы бөлігінде Луис Энрикенің футболшылары бірінші голды соғып, жанкүйерлерін бір желпіндіріп алды. Бұл жолы 38-минутта грузиялық жартылай қорғаушы Хвича Кварацхелия мергендігімен көзге түсті.
Ал, матчтың екінші бөлігінде бразилиялық команданың сапынан Жоржиньо гол соғып, таразы басын теңестірді. Италия құрамасының ойыншысы пенальтиді сәтті орындады. Дегенмен бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Осылайша ойын овертаймға дейін жалғасты. Бұл 30 минут аралығында да есеп өзгеріссіз қалды.
Пенальти сериясында париждіктердің мерейі үстем болды. «Фламенго» футболшыларының 4 соққысын қайтарған ресейлік қақпашы Матвей Сафонов Құрлықаралық кубок финалының үздік ойыншысы атанды.