​«Qazsport» дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

0
1 187

20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді.


​«Qazsport» дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

ERNUR.KZ. 20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан – Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг), Ерлан Серікжанов (-66 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Бекәділ Шаймерденов (-73 кг), Азиз Қалқаманұлы (-81 кг), Дидар Хамза (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90кг), Виктор Демьяненко (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) ал, әйелдер арасынан – Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Ақниет Тұрдан (-63 кг), Аэлита Щербакова (-70 кг), Ажар Салықова (-70 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Гүлжан Исанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайтын болады.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі.

Аталған бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Көрсетілімдер кестесі:

20 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 1 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

18:00 ДЗЮДО. 1 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

21 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 2 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

17:55 ДЗЮДО. 2 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

22 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 3 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

23 қыркүйек

11:50 ДЗЮДО. 4 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

17:55 ДЗЮДО. 4 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

24 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 5 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

18:00 ДЗЮДО. 5 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

25 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 6 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

17:55 ДЗЮДО. 6 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

26 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 7 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

17:55 ДЗЮДО. 7 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE

27 қыркүйек

11:55 ДЗЮДО. 8 КҮН. КҮНДІЗГІ СЕССИЯ. LIVE

17:55 ДЗЮДО. 8 КҮН. КЕШКІ СЕССИЯ. LIVE