"Реал" ұжымының басшылары Соларидің бас бапкер болғаны туралы құжжатты Испания футбол федерациясына жіберген.
Испанияның "Реал" командасына бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Испания баслымына сілтеме жасап.
Енді команданы маусымның соңына дейін екі аптадан бері уақытша бапкер болып жұмыс атқарған Сантьяго Солари басқаратын болды. "Реал" ұжымының басшылары Соларидің бас бапкер болғаны туралы құжжатты Испания футбол федерациясына жіберген.
Естеріңізге сала кетсек, Солари футболшылық карьерасында Мадридтің "Реал" ұжымында доп тепкен. Ол "Каролдік клубтың" екінші командасы "Кастилия"дан "Реалға" ауысты. Осы күнге дейін "Реалды" 4 матчқа дайындап баршасында жеңіске жетті. Доптар айырмашылығы - 15:2.