Ресейге қоныс аударған ауыр атлет қайтадан Қазақстан азаматтығын алғысы келеді

0
115

Қазір Сергей Филимонов Қазақстанға қайта оралып, азаматтық алып, баспанамен қамтамасыз етсе деген үміті бар екенін жасырмады.


Ресейге қоныс аударған ауыр атлет қайтадан Қазақстан азаматтығын алғысы келеді

Фото:Видеоскриншот

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Сергей Филимонов Қазақстан азаматтығын қайта алуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, 2004 жылғы Олимпиададағы жетістіктен кейін кенеттен келген атақ пен қаржылық мүмкіндіктерді көтере алмай, "жұлдыз ауруына" шалдыққан. Кейін өмірінде түрлі қиындықтар туындап, Алматыдағы баспанасынан айырылған. Артынша Ресейге қоныс аударған.

Қазір Сергей Филимонов Қазақстанға қайта оралып, азаматтық алып, баспанамен қамтамасыз етсе деген үміті бар екенін жасырмады.

Олимпиада жүлдегері азаматтық мәселесі шешілген жағдайда ауыр атлетика саласында бапкер немесе кеңесші ретінде еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Қажет болса, өңірлерде, соның ішінде Талдықорған сияқты қалаларда жұмыс істеуге де қарсы емес.

"Маған атақ та, даңқ та керек емес. Ең бастысы адал еңбек етіп, елге пайда тигізу", – деді ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында.

Сұхбат соңында Сергей Филимонов ҚР Спорт министрлігі мен Ауыр атлетика федерациясына үндеу жасап, Қазақстанға біржола оралып, жас спортшыларды тәрбиелеуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты.