Ресейлік портал Головкиннің «Канелоны» жеңгені жайлы дәлелдер келтірді

0
767

"Төрешілердің ағат шешімі тағы да көрініп-ақ тұр"


Ресейлік портал Головкиннің «Канелоны» жеңгені жайлы дәлелдер келтірді

ERNUR.KZ. «Чемпионат» ресейлік порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы реваншта жеңгені жайлы нақты дәлелдер келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Боксшылар реванш өткізу үшін біраз қиындықтардан өтті. Ол мексикалық боксшының допинг дауымен байланысты болды. «Канело» ағзасынан кленбутерол табылып, 2018 жылдың мамырындағы айқас кейінге қалдырылды. Геннадий уақыт жоғалтып алмас үшін Ванес Мартиросянмен айқас өткізді.

Жалпы, «Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі бірінші кездесудің жалғасы болды. Боксшылар ашық және сапалы бокс көрсетті, тынбай жұмыс істеді. Бірінші кездесумен салыстырғанда Сауль үстем болды. Алайда, ол кездесу барысын бақылауға алды деп айтуға келмейді. Жекпе-жек кезінде екеуі де ауыр соққыға төтеп бере алатынын көрсетті. Чемпиондық раундтарда қазақстандық басым болып көрінді. Бірақ, қарсыласын жеңу үшін бұл да жеткіліксіз еді. Сондай-ақ, төрешілер жеңісті Саульге берді - 114:114, 115:113 және 115:113.

Статистикаға қарасақ, төрешілердің ағат шешімі тағы да көрініп-ақ тұр. Бұл жолы проценттік тұрғыдан «Канело» Геннадийге қарағанда айтарлықтай дәлірек болды. Ол сонымен бірге, қарсыласына бағытталған соққылардың саны бойынша алшақтықты қысқарта алды. Бірақ сандарға қарасаң, жақсы нәтиже көрсетпеген – 622 соққының 202-сі (32,5%), Головкинде 879 соққының 234-і (26,6%) дәл тиген. Бұл сандарға қарап-ақ кімнің жеңгенін көруге болады», - деп жазды портал.