Ресми: “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындары Астанада өтеді

0
93

Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде ойын өткізу футболшылар мен жанкүйерлердің денсаулығына зиян.


Ресми: “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындары Астанада өтеді

Фото:Getty images

ERNUR.KZ. “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындары Астанада өтеді, деп жазады stan.kz.

Алматылық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі қысқы ойындарын жабық стадион – “Астана Аренаға” ауыстыру туралы өтінішті УЕФА-ға жолдаған еді.

Клубтың бұл өтінішін УЕФА қолдап, енді 9 желтоқсанда “Олимпиакос” пен 20 қаңтарда “Брюгге” клубына қарсы өтетін матчтар Астана қаласындағы “Астана” аренада өтетін болды.

Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде ойын өткізу футболшылар мен жанкүйерлердің денсаулығына зиян. Біріншіден стадионның төбесі ашық. Шатырдың болмауы және қар жауу ауа райының қолайсыздығы көрермендердің жайлылығына кері әсерін тигізеді.

Айта кетейік, бұған дейін “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы билет бағалары да дау туғызған еді. Клубтың ресми хабарламасына сәйкес, билеттердің бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болатынын мәлімдеді.