Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына өтті

0
525

1/8 финалда Елена америкалық Мэдисон Кизден айласын асырды.


Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына өтті

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың жүлде қоры 8,7 миллион долларды құрайды, деп жазады vesti.kz.

1/8 финалда Елена америкалық Мэдисон Кизден айласын асырды. 1 сағат 24 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша екінші теннисші арасындағы ойындар есебі теңесті: 2-2.

Жартылай финалға шығу үшін Елена грек қызы Мария Саккаримен ойнайды. Оған дейін дат спортшысы Клара Таусон мен америкалық Тейлор Таунсендті жеңген болатын.