Садақ атудан Қазақстан құрамасы соңғы лицензиялық турнирге қатысады

0
373

Түркияның Анталья қаласында садақ атудан олимпиадаға жолдама беретін ең соңғы іріктеу бәсекесі өтеді.


Садақ атудан Қазақстан құрамасы соңғы лицензиялық турнирге қатысады

ERNUR.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өтетін соңғы лицензиялық турнирде сынға түсіп, жолдамаға таласады, деп жазады stan.kz.

Түркияның Анталья қаласында садақ атудан олимпиадаға жолдама беретін ең соңғы іріктеу бәсекесі өтеді. 13-17 маусым аралығына жоспарланған байрақты бәсекеге Қазақстан әйелдер құрамасының үш спортшысы қатысады. Атап айтсақ, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеева Париж олимпиадасының жолдамасына ие болу үшін өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының алпыс жеті жолдамасы бар. Жақында ғана нысана көздеуден Ирина Юнусметова олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.