Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде нокдаунға түсіп қалды

0
125

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.


Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде нокдаунға түсіп қалды

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп жазады zakon.kz.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.