Турнир жеңімпаздары 21 шілде күні белгілі болады.
ERNUR.KZ. Семейде мектеп жасындағы қыздар арасында республикалық «Былғары доп – 2019» турнирі өтті, деп жазады altaynews.kz.
Футболист қыздар 7-8 сынып оқушылары. Турнирге Шығыс Қазақстаннан бөлек, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау, Түркістан облыстарынан қатысушылар келді.
"Былғары доп" ұлттық мектеп лигасының шарты бойынша командалар өз өңірлерінде алдын ала іріктеу кезеңінен өтіп, жарыстың финалдық бөлімінде үздік нәтиже көрсеткен командалар ғана өтеді.
Турнир жеңімпаздары 21 шілде күні белгілі болады.