Серік Сәпиевпен төбелес шығарған балуан мен жаттықтырушы кешірім сұрады

0
744

Зелимхан эмоцияға беріліп кетіп, ойланбай әрекет еткен.


Серік Сәпиевпен төбелес шығарған балуан мен жаттықтырушы кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Sever-Yug командасының өкілі Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман Batyrball турнирінде бокстан Олимпиада чемпионы болған Серік Сәпиевпен жанжалдасқаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп жазады exk.kz.

Зелимхан эмоцияға беріліп кетіп, ойланбай әрекет еткен.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ереже бұзып, қателестім. Содан кейін ойында эмоцияларымды ұстай алмадым. Серік Сәпиев халқымыздың мақтанышы. Менің ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіз", деді Зелимхан Мусиханов.