Шерхан Қалмұрза бастаған “Қайрат” жастары “Олимпиакосты” 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді

0
59

Қос құрама арасындағы матч тартысты басталды.


Шерхан Қалмұрза бастаған “Қайрат” жастары “Олимпиакосты” 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді

Фото: “Қайрат” фк

ERNUR.KZ. Алматылық “Қайратың” 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы УЕФА жасөспірімдер лигасының 6-турында “Олимпиакос” құрамасына қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді, деп жазады stan.kz.

Қос құрама арасындағы матч тартысты басталды. Алғашқы таймының небәрі 4-минутында “Қайрат” сапынан Рамазан Бағдат грек командасының қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты.

Ал екінші таймда “Қайраттықтар” басымдықты күшейте түсті. 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш “Олимпиакостың” қорғанысын бұзып етіп, сан басымдығын артырды.

Бастапқы құрамда Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мухамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат алаңға шықты.

"Қайрат" U-19 бұл жеңіспен жалпы кезеңдегі алғашқы толық үш ұпайын еншілеп, жарысты төрт ұпаймен қорытындылады. Бұған дейін команда Португалия, Испания, Кипр және Италия жастарынан жеңілген еді. Дания клубымен ойында тең түсті.

Енді кешке екі құраманың негізгі командалары ойнайды.