Шпагашы Руслан Құрбанов Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

0
98

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.


Шпагашы Руслан Құрбанов Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Құрбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.