Финал 15 мамырға дейін жалғасады.
Шымкентте жыл басында жалауын көтерген Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жақындап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биылғы лига жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату, бес асық, Президенттік сынама, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) ақпан мен мамыр айлары аралығында өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты - балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
Жарысқа 130 мектептен I, II, III кезеңдеріне 40 мың оқушы қатысты. Спорттық додада алғашқылардың бірі болып 5-6 сыныптар арасындағы баскетбол ойынының чемпиондары марапатталды. Қыздар арасында №86 мектеп шәкірттері, ұлдар арасында №107 мектеп оқушылары Талдықорған қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.
Финал 15 мамырға дейін жалғасады.