Бұл жолы "Биік Қазығұрт" ұжымының бас бапкері Калоян Петков мүмкіндігі барынша жоғары деңгейде ойын көрсетуін тілге тиек етті. Болгариялық маман "Барселонаның" 3 жыл бұрынғы құрамынан қазіргі команда мықты екенін жасырмады.
12 қыркүйек күні əйелдер арасында Еуропа чемпиондар лигасының плей - офф матчтары басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Турнирде Шымкенттің "Биік Қазығұрт" клубы Испанияның аты аңызға айналған командасы "Барселонаға" қарсы алаңға шығады. Бұл жұпта сөзсіз испаниялықтар фаворит. Себебі, каталониялықтар жыл сайын Еуропа чемпиондар лигасының бас жүлдесіне негізгі үміткер есептеледі. Қос команда осыдан 3 жыл бұрын кезескен болатын. Шымкентте тең 1:1 есебі тіркеліп, Каталониядағы қарымта матчта "Барса" футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы "Биік Қазығұрт" ұжымының бас бапкері Калоян Петков мүмкіндігі барынша жоғары деңгейде ойын көрсетуін тілге тиек етті. Болгариялық маман "Барселонаның" 3 жыл бұрынғы құрамынан қазіргі команда мықты екенін жасырмады. Сонымен қатар грузиялық шабуылшы Гульнара Габеля жанкүйерлердің алдында тамаша ойын көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ал, испаниялықтар бас бапкері Франсеск Санчес Бас өтетін кездесу қиын болатынын, "Биік Қазығұрт" ұжымының шабуыл сызығы күшті екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, "Биік Қазығұрт" - "Барселона" матчы 12 қыркүйек күні Астана уақытымен 17:00 де "Намыс" стадионында өтеді. Ойынға франциялық Рунавот Клауд бастаған қазылар алқасы басқаратын болады.