"Сиқырлап қойған": Белорусьтердің Қазақстанның жетістігі жайлы ойы

0
530

Магомед Адиев жетекшілігіндегі команда Әзірбайжан (2:0), Словакия (1:0) және Беларусьпен (1:1) ойыннан кейін жеті ұпай жинады.


ERNUR.KZ. Беларусьте Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасында сыйқырланған деп есептейді, деп жазады Vesti.kz.

Магомед Адиев жетекшілігіндегі команда Әзірбайжан (2:0), Словакия (1:0) және Беларусьпен (1:1) ойыннан кейін жеті ұпай жинады. Бүгін, құрама 13 маусымда өз алаңында Словкиямен тағы ойнайды. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

"Қазақтар осы циклде - сиқырлап қойғандай. Былай айтқанда Қазақстанды біздің ойыншылардың шабуылды аяқтауы нашар екені құтқарды. Бірақ осы да (1:1) ұтылып қалғаннан жақсы. Алдағы ойындар екі құрама үшін де шешуші. Дегенмен шынына келейік. Шолуды қарасақ біздің құрама мықтырақ болды. Бірінші рет нөл емес, әйтеу бір көрсеткішке жете алды", - деп жазады "Серебряный век. Футбол Беларуси" телеграм арнасы.